Материалы за 23.12.2024 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 23.12.2024
Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу»
23
декабрь
2024
Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде «Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу» бойынша «Театр - тәрбие бастауы» сахналық қойылымы қойылды. Қойылымға «Қисық жол» тақырыбы таңдалып алынды. Мақсаты: оқушылар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағыттау, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балаларды театр шығармашылығына баулу, оқушылардың актерлік шеберліктерін дамыта отырып,
Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай
23
декабрь
2024
Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде қаламгер, қайраткер, саясаткер, жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай 9-сынып оқушылармен кітап көрмесі өткізілді, бейне ролик көрсетілді. Мақсаты: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, қаламгері, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру. Оқушыларды ұлтжандыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Отбасылық жас шахматшылар!
23
декабрь
2024
Отбасылық жас шахматшылар!
Отбасылық жас шахматшылар! Мектеп мақтаныштары: А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің 8А сынып оқушысы  Бақыт Мейірім, 6А сынып оқушысы Бақыт Мирас, 3А сынып оқушысы Бақыт Мұстафа облыстық шахмат лигасынан 1-орынды иеленіп, Республикалық лигаға жолдама алды. Мұстафа “Лучший ең жас шахматшы” номинациясы бойынша кубок иегері атанды. Жеңістерің құтты болсын! Әрқашан биіктен көрініп, мектебіміздің атын шығарып, еліміздің туын биікке желбірете беріңдер!
“Chocolate day”
23
декабрь
2024
“Chocolate day”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 02-05.12 күндері мектеп парламент ұйымы мүшелері “Chocolate day” ұйымдастырды. Оқушылар бір-біріне, ұстаздарына тәттілер сыйлап, көңілдерін көтерді.
Bilimclass.kz
23
декабрь
2024
Bilimclass.kz
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ә.Т.Алдабергенов пән мұғалімдеріне  Bilimclass.kz электрондық журналында қалай жұмыс істеуге болатыны және Тop IQ платформасын сабақта пайдалану мүмкіндіктері бойынша мектеп ұжымымен вебинар (таныстырылым)  өткізді.
Видеоролик көрсетілді.
23
декабрь
2024
Видеоролик көрсетілді.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде оқушыларға отбасы құндылығы туралы видеоролик көрсетілді.
“Мейірімділік керуені”
23
декабрь
2024
“Мейірімділік керуені”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде қараша айында “Мейірімділік керуені” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.  Мақсаты: мектептегі аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету. Жәрмеңкеге 1-11 сынып оқушылары қатысты. Үйлерінен ата-аналарының көмегімен түрлі тағамдар, тәттілер пісіріп әкеліп, арзан бағада сатты. Жиналған ақшаға 6 оқушыға киімдер алынып, көмек көрсетілді. ​​​​
«Жаратылыстану-математикалық»
23
декабрь
2024
«Жаратылыстану-математикалық»
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде «Жаратылыстану-математикалық» бірлестігінің онкүндігі аясында 4-сынып жетекшісі Исаханова Жансая Бауыржанқызы жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Ауа қалай ластанады?» деп аталады. Мақсаты: ауаның ластану көздерін, ауа тазалығын сақтау жолдарын білу. Мұғалім сабақта замануи платформаларды тиімді қолдана отырып, қызықты етіп өткізді, оқушылар да белсене қатысты. Жеке жұмыста да топпен жұмыста да оқушылар әділ бағаланды, сабақ
"Жаратылыстану-математикалық"
23
декабрь
2024
"Жаратылыстану-математикалық"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Жаратылыстану-математикалық" бірлестігінің онкүндігі өтілуде. Онкүндіктің аясында мектепалды сынып тәрбиешісі Дюсекенова Зарина Нурболатовна ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы" деп аталады. Мақсаты: балаларға жабайы жануарларды таныстыру, олардың қысқа қалай дайындалатынын ұғындыру, жалпы жануарлар әлеміне қызықтыру. Балалар жануарлардың іздерінен қандай жануар екенін табу, қол маторикасын дамыта отырып,
“Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, нашақорлықтың алдын алу шаралары"
23
декабрь
2024
“Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық
29-қараша күні “Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, нашақорлықтың алдын алу шаралары бойынша қыздар, ұлдар жиналыстары өтті.