Материалы за 23.12.2024 » Страница 2 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Материалы за 23.12.2024 » Страница 2
“1-желтоқсан - СПИД-ке қарсы күрес”
23
December
2024
“1-желтоқсан - СПИД-ке қарсы күрес”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде “1-желтоқсан - СПИД-ке қарсы күрес” күніне орай 29-қараша күні 7-сынып оқушыларына түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мектеп медбикесі А.Қ.Қамбар оқушыларға СПИД жұқпалы ауруы туралы толық мәлімет беріп, жұғу жолдарын, беліглерін айтып өтті, ондай аурулардан сақ болуға шақырды.
Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді.
23
December
2024
Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 29-қараша күні 4-сынып оқушыларымен қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Б.Майлиннің кім екенін, оның шығармаларын таныстыру, ұлы тұлғаны ұмытпауға тәрбиелеу. Оқушылар Б.Майлиннің өмірбаянымен танысты, өлеңдерін жатқа айтты. Сынып жетекшісі Ж.Б.Исаханова жазушының шығармаларымен таныстырды.
“Балалар кітапханасы жобасы”
23
December
2024
“Балалар кітапханасы жобасы”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 1-11 сынып оқушылары үшін “Балалар кітапханасы жобасы” аясында “Үзілісте біз кітап оқимыз” деген тақырыпта іс-шара өткізіліп тұрады. Оқушылар үзілісте келіп өздерін қызықтырған тақырыпта кітаптар оқып жүреді. Оқып бітпеген кітабын келесі үзілісте  оқиды.Тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер де келіп, кітап оқып, өз білімдерін жетілдіріп тұрады, тың жаңалықтарды ізденеді. Іс - шараның мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру;  кітап
«Даналық мектебі»
23
December
2024
«Даналық мектебі»
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Даналық мектебі» клубы аясында «Жеңгелер» мектебімен «Қыздар нені білуге тиіс?» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: қыз балаларға жеңгелердің кеңесін тыңдауға, қазақтың ұлттық құндылықтарын бойына сіңіре білуге, қолөнерге баулу. Жеңге деген кім? Жеңгенің отбасындағы рөлі қандай? сияқты сұрақтар қоюмен басталды. 8-сынып қыздарының жеңгелерінен білгісі келетін мәселелері бойынша әңгіме
"Даналық мектебі"
23
December
2024
"Даналық мектебі"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебі" клубы аясында "Әкелер" мектебі бойынша тәрбиелік шара өткізілді. Тақырыбы: Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Мақсаты: оқушыларды жеті атасын білуге шақыру,  әкелерді құрметтеуге тәрбиелеу. Әкеден бата сұраудан басталған тәрбие сағаты оқушылардан жеті атасын сұраумен жалғасты, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын ашты, ұлттық ойындар ойналды.
“Даналық мектебі”
23
December
2024
“Даналық мектебі”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының “Даналық мектебі” клубы аясында “Әжелер” мектебімен тәрбиелік шара өткізілді. Әжелер оқушыларға кеңестер айтты, ұлттық құндылықтардан көрме ұйымдастырылды, оюлардан текемет жасады. Әжелер халық әнін айтып, оқушылар би билеп, аналарға арналған ән шырқады.
Асхана тазалығы
23
December
2024
Асхана тазалығы
А.С.Пушкин атындағы МДШО орта мектебінде 2024 жылдың  26-қараша күні мектеп асханасында тамақтың дайындалу сапасы мен  ішкі тазалықтың сақталуын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі, бракераж комиссиясының мүшелері, ата-аналар тарапынан  комиссия құрамы тексеру жүргізіп , акт толтырды.
“Электронды темекілердің зияны”
23
December
2024
“Электронды темекілердің зияны”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 22-қараша күні 7-9-сынып оқушыларына “Электронды темекілердің зияны” тақырыбында презентация көрсетілді. Schoolchildren электронды темекінің, жалпы темекінің зияны туралы айтылып, одан аулақ болуға шақырды. Оқушылар өздерінің темекіге қарсы екендерін сурет салу арқылы көрсетті.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтік жаттығуы
23
December
2024
Әлеуметтік-психологиялық тренингтік жаттығуы
А.С.Пушкин атындағы МДШО орта мектепте 22 қараша күні мектеп психологы А.Конекпаева мен әлеуметтік педагог Н.Кылханова бірлесіп 6-сынып оқушыларымен әлеуметтік-психологиялық тренингтік жаттығуын өткізді. Мақсаты: Сынып ұжымын біріктіру, әр балаға психологиялық жайлылық атмосфера құру, балалардың ынтымақтастыққа деген көңіл-күйін қалыптастыру арқылы балалардың мектепке және мектептегі оқуға әлеуметтік бейімделуін жақсарту.
“Нашақорлықтың алдын алу”
23
December
2024
“Нашақорлықтың алдын алу”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде “Нашақорлықтың алдын алу” бойынша 7-11 сынып оқушыларына видеоролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.